Хабар телеарнасы

Ақтауда да екінші тәулік қатарынан ыстық су жоқ

Бұған қоса, қалада жылу мәселесі өзекті. Кейбір шағын аудандағы көпқабатты үйлердің тұрғындары пәтерінде тоңып отыр. Шарасыздықтан баспананы электр пеш қосып жылытуға мәжбүр. Жылудың жоқтығы білім беру мекемелерінің жұмысына да кедергі. Қазір 11 мектепте сабақ уақыты қысқартылды. Қалаға ыстық су толық көлемде қашан берілетіні әзірге белгісіз. 

Самиға Патшағұлова, қала тұрғыны:
-Үйде 6 бала бар. Кішкентай балалар бар. Бірінен соң бірі ауырады. Садикке баратыны, мектепке баратыны бар. Өзіміз де ауырып қаламыз. Бірнеше жылдан келе жатқан бұл нәрсенің шешілетін шешімін болуы керек қой.

Талғат Есентүгелов, «МАЭК» ЖШС Бас директоры:
-Кәсіпорын максималды жобалық қуатында жұмыс істеп тұр. Бір мәселе, құрылысшылар жаңа үйлерді саларда бізбен келіспейді. Соның салдарын кейін тұрғындар көреді. Өйткені ол баспаналарға жылу мен суды қосамыз және көрші үйлерде жылу жоғалып немесе су қысымының төмендеуі мүмкін екенін бірден ескертеміз.