Хабар телеарнасы

Хаменова сотқа апелляциялық шағым түсірді

15 қарашада пара алғаны үшін кінәлі деп тауып, сот Бақытгүл Хаменоваға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған еді. Бірақ кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты жазасын өтеу мерзімі 3 жылға кейінге шегерілген. Десе де облыс әкімінің экс-орынбасары бұл үкіммен келіспейді. Бірақ істі әлі сот алқасы қараған жоқ. Соттың баспасөз қызметі істі болған күдіктілердің әлі шағым түсіруге уақыты бар екенін айтты.