Хабар телеарнасы

БҚО-да қабандардың ауыл ішіне кіріп кетуі жиілеген

Батыс Қазақстан облысында қабандардың ауыл ішіне кіріп кетуі жиілеген. Жуырда ғана Жәнібек ауылында жүрген жабайы жануар жұрттың зәресін алған. Әзірге ешкім зардап шеккен жоқ. Дегенмен сақтықта қорлық жоқ. Аңшылар ауылға кірген қабандарды қауіпсіз жерге шығарып, кейін атып алуға мәжбүр. Деректерге сүйенсек, аймақтағы аңшылық шаруашылықтарында 2 мыңға жуық қабан бар екен. Мамандар жабайы жануардың бұлай қаптауын киік санының көбеюімен байланыстырады.

Райымбек Шампаев, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы: 
- 2021 жылы 167 бас қабан аулап алынды.Ескерте кететін жағдай, қабан, елік жалпы тұяқты жануарларды аулау арнайы рұқсат қағазы негізінде міндетті түрде қорықшының қатысуымен жүзеге асырылады. Аулау мерзімі қабанға 3 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін. Биылғы жылға БҚО 574 бас қабанға, 199 бас елікке лимит бөлінді.