Хабар телеарнасы

Риддердегі жағдай: ЖЭО-дағы қазандықтарды жөндеуге Қазаннан мамандар тартылды

Соның біреуі жоғары қысымды. Ондағы төртінші қазандық агрегаты толық жөнделіп бітті. Ал бесінші қазандықтағы монтаждау жұмыстары жуық арада аяқталады. Орталықтың қазіргі қожайындары 2023 жылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарламаған. Сондықтан облыстық әкімдік стратегиялық нысанды коммуналдық меншікке алу туралы шешім қабылдаған. Жергілікті атқарушы биліктің бұл ұсынысы үкімет тарапынан қолдау тапты.