ЕҰУ-да «Үміт» театр фестивалі шымылдығын түрді

Елорда төріндегі осы шаңырақта студенттердің «Үміт» театр фестивалі шымылдығын түрді. Еліміздің әр өңірінен келген 11 шығармашылық ұжым өздерінің үздік қойылымдарын ұсынып, өзара бақ сынаспақ. Студенттер арасында бастау алған театр бәйгесі 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайтын болады. Биыл екінші рет өтіп жатқан бұл өнер жарысы университеттер арасындағы ынтымақтастықты арттырып, жастардың дарынын ұштамақ.

Кенжеғали Мыржықбаев, ҚР Еңбек сіңірген артисі:
-«Үміт» фестивальінің мақсаты – студент жастардың рухани дамып, шығармашылығын арттыру. Оның үстіне мына әуесқой болса да театр өнерін дамыту. Жан-жақтан келген студенттер бір-бірлерінің өнерлерін көреді. Сондықтан бұл үлкен мереке. Біз мұны ары қарай жалғастырамыз деп ойлаймын.