Ел шығысында сынап бағанасы 40 градусқа дейін төмендеді

Аяздың күшейгені сонша, тіпті  «Өскемен жылу электр орталығы» да сыр бере бастады. Мекеме  желісіндегі су айналымы 1000 тоннаға ұлғайып, бұның соңы жылу деңгейінің төмендеуіне әкелген. Сондықтан әлеуметтік парақшаларда пәтеріміз салқындап кетті деген шағым көбейді. Дегенмен жылу станциясы өздерінде ақау болғанын жасырмады. Қазандық агергаттарының бірінде датчик істен шыққан. Бірақ екі сағат ішінде жөнделген. Енді су айналымы қалыпқа келгенше шыдауға тура келеді. 

Евгений Васильев, «Өскемен ЖЭО» ЖШС аға инженері: 
- Қазір станция қызметі штаттық режімде. 7 қазандық 6 турбоагрегат жұмысы істеп тұр. Дегенмен жөндеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Станция қуатын азайтып, керісінше желідегі темпереатураны арттыруға мүмкіндік жасадық. Ішкі шаралар аяқталған соң, барлығы реттеледі.