Хабар телеарнасы

Семейдегі Қарағайлы ықшам ауданының тұрғындары пәтер ішінде тоңып отыр

Халық шағымынан кейін, қаланы жылумен қамтамасыз ететін «Теплокомунэнерго» мекемесі үйлердің жылу жүйелерін тексеріп жатыр. Тексеріс барысында осы ықшам аудандағы кейбір үйлердің мердігер компанияның салғырттығынан суып кеткені анықталған. 

Динара Әбқұрова, қала тұрғыны: 
- Біздің үй мынадай суық болмайтын. Биыл ерекше суық. Жылу берілмей жатыр. Батареялар салқын. Үш күн болды жылытқыш тұр. Плитканы да қосып қойдық. Балалар байпақпен жүр. 

Серік Төленбергенов, «Теплокомунэнерго» МКК басшысы: 
- РК3 қазандығынан қосылып тұр бұл ықшамауданға. Жуықта бұл ауданға екі қазандық салуды жоспарлап отырмыз. Сонда үлкен жылу орталығы салынғанға дейін мәселе болмайды.