Хабар телеарнасы

Атырау облысының тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

Өйткені су тазарту стансасындағы құрылғылар әбден тозған. Жергілікті билік олқылықтың орнын толтыру үшін биыл 18 су тазарту ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал екі мыңға жуық тұрғыны бар Бөкейхан ауылының халқы ауызсуды Қиғаш өзенінен тасып ішуге мәжбүр. Ауылды орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосу жоспары 2016 жылы жасалған. Бірақ кеткен қателіктердің кесірінен қазір жобаға толықтырулар енгізіліп жатыр. 

Жүсіп Төреғалиев, Бөкейхан ауылының әкімі:
- Бізде 60 шақты үй жоспарға енбей қалды. Сол себепті қазір кері түзетулер жасалып жатыр. Негізі өздеріңіз білесіздер, су құбырын асфальт жоқ кезде салу керек еді. Қазір асфальт бізде бар. Сол себепті асфальттің екі жағынан екі труба жүргізу керек. Наурыз-сәуір айында жұмыстар басталады деп отырмыз.