Хабар телеарнасы

Қарағандыда екі автобустың соқтығысуынан 2 адам қаза тапты

Кеншілер шаһарында екі жолаушылар автобусы соқтығысып, салдарынан бір көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан еді. Ал жол апатынан зардап шеккен 18 азамат ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылар автобус ішінде қысылып, мерт болған жүргізушінің денесі мен тағы 8 адамды шығарып алған. Қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. 

Берік Төлеубаев, Х. Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың травматология орталығының басшысы​:
- Қазіргі жағдай бойынша 18 науқас келді. Оның ішінде төртеуі ауыр хәлде. Екі адам Оңтүстік Шығыстағы ауруханаға жеткізілді. Ең ауыр екеуі осында қалдырылды. Оларға шокқа қарсы ем шаралар қолданылып жатыр.