Хабар телеарнасы

Өскеменде құрылыс аяқсыз қалды

Мердігер белгіленген мерзімде құрылысты аяқтап үлгермегендіктен, тапсырыс беруші келісімшартты бұзу туралы шешім қабылдаған. Жергілікті тұрғындар тұрғын үйлердің ауласын қалпына келтіруге арналған бағдарлама жүзеге аспай қала ма деп алаңдаулы. Бұл мақсатқа бюджеттен жарты млрд теңге бөлінген. Мамыр айында облыс орталығындағы 26 ауланы қалпына келтіруге кіріскен құрылыс компаниясы бұл нысандарды қазан айында тапсыруы тиіс еді.

Денис Федченко, қала әкімінің орынбасары:
-Мердігер түрлі мәселелерді сылтауратып, өз міндеттемесін дұрыс атқармады. Сол себепті құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Мердігер компанияны сотқа береміз.