Хабар телеарнасы

Елімізде 3,5 мың дәрігер тапшы

Сапасыз медициналық қызметтер де қарашаны қажытқан. Дүниежүзілік форумға жиналған жұрт осындай түйткілдердің түйінін тарқатуға тырысты. Денсаулық сақтау саласының қаржыландыру көздері аз болғандықтан осындай проблемалар туындайды дейді шенділер. Себебі ішкі өнімнің 2 пайызы ғана денсаулық сақтау саласына бөлінеді. Десе де дәрігерлерді ынталандыру үшін келесі жылдан бастап жалақы көтеріліп, шет елде білім алуға мүмкіндік көбейеді.