Хабар телеарнасы

Шахмат секциялары екі есеге көбейеді

Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичті қабылдаған Мемлекет басшысы оған осындай міндет жүктеді.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Астанада әлемнің 12 мықты шахматшысының басын қосқан ФИДЕ Гран-при әйелдер сериясының бірінші кезеңінің өткізілуі туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев осындай деңгейдегі іс-шараларды өткізу еліміздегі шахмат спортының дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті. «Бүгінде Қазақстанда шахматпен 200 мыңнан астам адам айналысады. Отандық шахматшылар халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетіп жүр. Біз бұл спортты қолдауға баса мән береміз. Шахматты дамытудың жол картасы әзірленді. «Мектептегі шахмат» ауқымды жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр», – деді Мемлекет басшысы.