Хабар телеарнасы

Түркістан облысында тұмауға қарсы вакциналау жұмыстары басталады

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, биылғы эпидемиялық маусымға «Гриппол+» вакцинасы сатып алынған. Екпе алдымен медицина қызметкерлеріне, жүкті әйелдерге, диспанцерлік есепте тұрған балаларға және қарттар мен туғанына 6 айдан асқан сәбилерге салынады. 

Нұрбек Нышанов, облыстың бас санитар дәрігері:
-1 қазан мен 30 сәуір аралығы тұмау ауруының мезгілі болып есептеледі. Осы уақытта ЖРВИ шалдыққан адамдарға міндетті түрде зертхналық сынама жүргізіледі. Былтыр біз қараша, желтоқсан айында 201 сынама алып, оның ішінде 16 жағдайда осы тұмау ауруының қоздырғышы анықталды.