Хабар телеарнасы

Маңғыстау облысында жол бойында қараусыз жүрген 200-дей мал арнайы тұраққа қамалды

Олар төрт түлігін 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлегеннен кейін ғана алып кете алады. Жыл басынан бері жолда малдың жолға шығып кету салдарынан 6 адам қаза тапты. Тағы 10-нан астам жолаушы түрлі дене жарақатын алған. Полицейлер қайғылы оқиғаның алдын алу үшін үй жануарларын қадағалап, мойнына жарық шағылыстырғыш лента тағу қажеттігін тұрғындарға ескертті.

Әйгерім Ибадуллаева, ПД Сыртқы және ішкі коммуникациялар бөлімінің басшысы: 
-Республикалық маңызы бар «Ақтау-Шетпе» тас жолында 200-ге жуық иесіз төрт түлік автомобиль жолында жүру бөлігінен өткен. Жол көлік оқиғаларына жол бермеу мақсатында бұл іс-шара тұрақты негізде өткізілетін болады. Малдарыңызды әсіресе түнгі уақытта қараусыз қалдырмауыңызды сұраймыз.