Хабар телеарнасы

Маңғыстау облысында 34 келі бекіре тәркіленді

Тәртіп сақшылары «Қаламқас» кен орны маңындағы тас жолда «Газель» маркалы жүк көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде жалпы салмағы 34 келі болатын бекіре мен резеңке қайық және балық аулайтын ау тәркіленді. Қазір күдікті қамауға алынған. Тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.