Хабар телеарнасы

«Астрахань-Маңғыстау» су құбырының 80% тозған

Құбыр Атырау облысының 4 ауданын басып өтіп, бойындағы елді мекендер мен жүздеген кәсіпорынды ауызсумен қамтамасыз етеді. Алыстан тасымалданатын болғандықтан, Құлсары қаласында су бағасы өте қымбат. Мұнда бір текше метр суға жеке тұлға 185 теңге төлейді. 

Гүлбаршын Мақұмова, Құлсары қаласының тұрғыны:
-Бізде техникалық су жоқ. Бақшамызға, талдың бәріне осы тұщы суды құямыз. Нағыз су беретін уақытында су тоқтап қалады. Кішкене қымбаттығы бар, айына 5 мың теңгеге жуық шығып жатыр.

Амангелді Сатыбалдиев, «Жылыой Су» мекемесінің директоры:
-Бұл жалғыз су көзі, оны егінге де, техникалық қажеттіліктерге де, барлығына пайдаланып отырмыз. Бізге қосымша тағы бір су көзі болғаны жақсы болар еді. Себебі халық саны өсіп барады.