Хабар телеарнасы

Ақтөбеде қонақүйлер мен хостелдерде орын жоқ

Бұған дейін бір бөлмелі пәтер 50-60 мың теңгеге жалға берілсе, қазір оның бағасы — 250-300 мың. Соңғы 4 тәулікте 1 мың 148 адам қонақүйлерде тіркелді. Хостелге алдын ала тапсырыс беріп, орын алу мүмкін емес. Қалада Ресей азаматтары жатын орын іздеп жүр. 

Алексей, Ресей азаматы:
- Біз шекараға дейінгі көлік кептелісінде 29 сағат тұрдық. Қала аралап баспана іздегенімізге 4 сағаттан асты. Интернеттегі жарнама бойынша хабарласқанымызбен, әзірге нәтиже болмай тұр. Бос пәтер жоқ, бағасы да қымбат.

Әсел Қуаналиева, хостел меңгерушісі:
-Әйел адамдар бөлмелері бос, орын бар. Ер адамдарға жоқ. Жалпы, бөлмеде 48 адамға және 2 VIP бөлмеде 6 орын бар. Оның барлығы бос емес.