Хабар телеарнасы

Ақмола облысы халқының 60% жуығы цифрлық телеарналарға қосылды

Ал ауылдағы ағайынға 15 арна қолжетімді. Ол үшін аймақта 8 телерадио станция салынған. Цифрлық телеарналардың тағы бір ерекшелігі бейне HD форматта көрсетіледі. Әзірге елімізде тек екі арна цифрлық телехабар таратуға көшті. Соның бірі — «Хабар» арнасы. 

Серік Оспанов, «Қазтелерадио» АҚ облыстық Дирекциясының директоры: 
-Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бұйрығы бойынша облысты цифрлық эфирлік телеарналарға көшіру 2025 жылға дейін жалғасады. Ол үшін аймақта тағы 23 телерадио станциясы салынады. Ал бұл өңір халқының 92% сапалы телехабарлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.