Хабар телеарнасы

Ақсу қаласындағы қазандық жылу беру маусымына дайын емес

Мамандардың айтуынша, оны іске қосу үшін қосымша құрал-жабдықтар қажет. Яғни күлді ұсақтайтын қондырғыны қазан айының соңында әкеледі. Орнатылған соң, сынақтан өткізіледі. Жаңа кәсіпорын жылу маусымына дайын болмағандықтан, ескі нысанды іске қосу туралы шешім қабылданған. Осылайша, 50 мың халқы бар қаланы бұрынғы қазандық жылытады.

Ержан Салханов, облыстық ТҮКШ және Энергетика басқармасының басшысы:
-Ескі қазандық басшылығымен келіссөздер жүргіздік. Бастапқыда жаңа станция қаланың 40%-ін, ал бұрынғы кәсіпорын шаһардың қалған бөлігін қамтиды деп жоспарланған. Жаңа жылу таратушы кәсіпорын дайын болмаған соң, бар жүктемені ескі станция өзіне алады.