Хабар телеарнасы

Жетісу облысында 12 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Түсіндіру жұмыстарынан соң, қожалық иелері жайылымының бір бөлігін қайтарды. Игерілмеген жер ауыл тұрғындарының игілігіне беріледі. Осылайша, Басқұншы, Шолақай, Үшарал ауылдарындағы жайылымдық жер мәселесі шешімін таппақ.

Бауыржан Тойбаев, прокурор:
-Аудан прокуратурасымен атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 150 мың га жер пайдаланылмай жатқан жайылым анықталып, оның 100 мыңнан астамы қайта игеріліп, жер пайдаланушымен пайдаланылып жатыр.

Әбутәліп Айтбайұлы, Үшарал ауылының тұрғыны:
-Қайтарылған жерлер ауыл көлемінде біздер үшін жақсы жағынан келеді. Өйткені ауылда малсыз ешкім отырмайды. Бірлі жарым малы бар. Көбейіп жатқан жағдайда, анандай жер бізге қосылып жатса біз қуанамыз.