Хабар телеарнасы

Атыраудағы дренаждық жүйені жақсару мақсатында қазылған «Ерік» каналының құрылысы қашан аяқталады?

Яғни батпақтан арылтып, күрек бойы қазсаңыз ащы суға тірелетін облыс орталығының экологиясы үшін аса маңызды жоба болатын. Алайда 20 жыл бойы «жыры бітпеген» каналдың қазіргі күйі аянышты. Оны қазуға 1,5 млрд теңге бөлінген. Тағы 170 млн теңгеге жүзбелі сорғылар мен су деңгейін реттеп отыратын шлюз қойылды. Бірақ жоба көңілден шықпады. Керісінше, жиналған су шіріп, масаның ұясына айналды. 

Арман Хайруллин, «Атамекен-Эко» ҚҚ төрағасы:
-Атырау қаласында кілкіп тұрған жерасты суының деңгейін түсіруде ең ұтымды шешім. СКЛ Ол өте ащы минералдылығы жоғары су. Оны ++тұшытып қаланы көгалдандыруға пайдалансақ бұл өте рационалды шешім болар еді.

Едіге Сабуров, гидрогеолог:
-Қала аумағындағы жерасты суларын аластатпасақ, оның экономикалық-экологиялық зардаптары орасан. Әсіресе, жасыл желекке келгенде, құрылысқа да зияны бар. Мына жолдардың да қайта-қайта бұзыла беретіні сол жер асты суының әсері.