Хабар телеарнасы

Қазақстанда жылдық инфляция 16% асып кетті

Сегіз айдың қорытындысы бойынша барлық негізгі көрсеткіштер Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында өскені байқалады. Бүгін Үкімет басшысы осы мәселеге алаңдап, бүкіл басшыларға бағаны тұрақтандыру ісін қолға алуды тапсырды. Сондай-ақ ол еліміздегі интернет сапасын да сынға алды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
-Алыстағы елді мекендерді алмаған күннің өзінде біздің ірі қалаларымыздың өзінде интернет байланыс барлық жерде жақсы деп айта алмаймыз. Адамдардан түсіп жатқан шағым көп. Егер интернет байланыс жақсы болмаса, онда мына цифрлық платформалардың, ақпараттық жүйелердің пайдасы жоқ. Сондықтан бұл мәселені шешу керек және мынау Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің цифрландыру аясындағы барлық мемлекеттік органдардың және тиісті ұйымдардың жұмысын үйлестіруді күшейтуі қажет.