Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаев әкімдердің өрт сөндіру жұмыстары туралы есебін тыңдады

Сондай-ақ табиғи апатқа қарсы таяуда атқарылатын жоспарларын жіпке тізді.

Мемлекет басшысына өрт салдарынан болған залалды қалпына келтіру және зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету шаралары жөнінде баяндады. Тағы әкімдер өз аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп берді. Президент Премьер-министрге Төтенше жағдайлар министрлігінің өңірлік бөлімшелерін арнаулы техникамен және басқа да қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырды.