Хабар телеарнасы

Күршім ауданында орман өртіне қарсы күрес жүргізіліп жатыр

Күршім ауданында орман өртіне қарсы күрес жүргізіліп жатыр

Шығыс Қазақстанда бірнеше күн бойы өрт қауіптілігінің жоғары санаты сақталуда. Өрт сөндірушілер тәулік ішінде шөпті сөндіруге 10-15 рет шығады. Күршім ауданында «Марқакөл орман шаруашылығы» РММ, Бобровка орманшылығы және Төсқайың ауылдық округі аумағында шөптер, бұталар, ағаштар өртенген. Өрттің алдын ала аумағы 300 га құрайды, ең жақын елді мекен — Тоскаин ауылы, 10 шақырым жерде орналасқан. Оған ешқандай қауіп жоқ. Өртке қарсы күреске ШҚО ТЖД өрт сөндірушілерінің, орманшылардың және жергілікті атқарушы органдардың, полицияның 114 адамы мен 17 техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндіру қиын таулы жерлермен, ауа райы жағдайларымен күрделенген.Өртті атпен және жаяу тәртіпте сөндіруге тура келеді. Сондай-ақ МИ-2 тікұшақтары мен Еурокоптер іске қосылды. Өскемен қаласынан көмекке жеке құрамнан 46 адам және 6 бірлік техника көлемінде ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері келді.
ШҚО ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау туралы еске салады: «Ормандарда от жақпаңыз, шөптер мен құрғақ өсімдіктердің жануына жол бермеңіз!».
Өрт кезінде 101 және 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.

Дереккөз: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі