Хабар телеарнасы

Қостанайда өрттен зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіледі

Табиғи апатты жою үшін барлық қажетті шаралар қабылданған. Зарап шеккендермен кездескен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Өрт жайлаған Әулиекөл ауданының аумағын әуеден барлап, жағдаймен қанықты. Кейін өртті сөндіру жөніндегі шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізіп, мемлекеттік органдардың басшыларының ақпарын тыңдады.

Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

- 2 мыңнан астам адам, әуеде 6 тікұшақ жұмыс істеп жатыр. Төртеуі ТЖМ-не, екеуі ҚМ-не қарасты. Қазір өрт сөндіруге қажетті тапшылық мәселесі бар. Қосымша су қажет болса, тікұшақтарға көлікпен жеткізіп отырамыз. Техника да, адам да жетеді. Көп ұзамай отты толық сөндіреміз деп сенемін.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Өрт сөндіруге кезінде аянбай еңбек етіп, ерлік көрсеткен мамандардың барлығы алғыс айтамын. Олар ең жоғары марапатқа лайықты және алатын болады. Боған қоса өртті сөндіруге қатысқандарға екі айлық көлемінде сыйақы беру туралы шешім шығаруды Үкіметке тапсырамын.