Хабар телеарнасы

«Ауыл аманаты» жобасы аясында AMANAT партиясының мүшелері ауыл округтерін аралады

Олар тұрғындарға 2,5 процент несиені қалай алу керектігін, кооперативті қалай құру және техниканы лизингке қалай рәсімдеу керектігін түсіндіруде. Мұндағы басты мақсат - ауыл тұрғындарының табысын, әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға көмектесу. Осылайша мобильді топтар еліміздің әр өңіріндегі 394 ауылдық елді мекенге баруды көздеп отыр. Сапар 10-шы қыркүйекке дейін жалғасады.