01:00Эфирде: ҚР Әнұраны
05:00Әрі қарай: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

Қарағанды мектептері оқу жылына 85% дайын

  • Категория: Қоғам
Қарағанды мектептері оқу жылына 85% дайын

Қарағанды облысында 143 білім беру мекемесінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оның 32-сі күрделі жөндеуден өтеді. Арасында тіпті іргесі қаланғалы 70 жыл болып, бірақ осы уақытқа дейін бірде-бір мәрте жөнделмеген нысандар бар.

Қарағандының Михайлов ауданындағы №64 мектептің іргесі өткен ғасырдың 50-шы жылы қаланған. Содан бері жыл сайын су ағып, жел кірген жерді жамап-жасқағаны болмаса, бірде-бір рет күрделі жөндеу жүргізілмеген. Ауқымды жоба осыдан 3 жыл бұрын басталып, алдымен терезе, одан кейін шатыры, енді, міне, іші жөнделді. 600 бала шақталған білім ордасын жөндеуге 127 млн теңге бөлінген.

Жанар Оспанова, № 64 мектептің директоры:

- Жөндеуге дейін төбеден су ақты, терезелер ескі болғандықтан, мектеп суық болды. Жөндеу жұмыстарын өте жақсы жүргізген. Уақытынан ерте бітірді.

143 нысанды жөндеу жұмыстарына қаржы үш бағыттан бөлінген. Ол жалпы сипаттағы трансферт, «Ауыл – ел бесігі»  жобасы және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат. Ауқымды жұмыстарға бас-аяғы 5,5 млрд теңге қарастырылған.

Серікбол Бағымов, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Жасалған жұмыстар 85% аяқталды. Жұмыстарды тапсыру мерзімі 15-30 тамыз аралығы. Бүгінгі таңда барлық меткеп жаңа оқу жылына құжаттарын дайындап қойды.

Мамандардың сөзінше, қазір облыста үш ауысымда оқытылатын бір ғана мектеп қалды. Оған келер жылы жобалық-сметалық құжат дайындалып, 2024 жаңа мектеп салынады.

Дәуренбек Бағдәулетұлы, тілші:

- Облыста қазір мектептерден өзге, 27 балабақшада да жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Өңірде 400-ден астам балабақша мен 405-ке жуық мектеп бар. Биыл 17 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар

Сондай-ақ...