Хабар телеарнасы

Өскемендіктер жоғары радиациялық орындарға ескерту белгілерін қоюды талап етуде

Құқық қорғаушы Алексей Божков жоғары радиациялық орындарға ескерту белгілері орнатылсын деген талап қойып отыр. Оның айтуынша, облыс орталығында осыдан 80 жыл бұрын жабылған уран фабрикаларының қалдық қоймаларынан жердің ластануы байқалған.

Бұл жерде сонау 1940 жылдары металлургиялық өндірістің қалдықтары сақталған. Қазір оның жер астындағы бөлшектері қоршаған ортаға зиянын тигізіп тұр. Бір топ ғалымдармен зерттеу жұмыстарын жүргізген Алексей Божков осылай дейді. Енді қоғам белсендісі қауіпті аумаққа ескерту белгілерін орнатуды талап етіп отыр.   

Қоғам белсендісі Өскемен әкімдігін сотқа берді. Қала аумағындағы мемлекеттік ұйымдарға олар жауап береді. Бұған дейін радиациялық дақтарды жоюмен табиғи ресурстар басқармасы айналысқан. Олар 20 ластанған аумақты залалсыздандырды. Бұл жұмысқа жыл сайын бюджеттен 100 млн.теңгеден бөлініп отырған.  

Экологиялық қауіпсіздік орталығының басшысы Геннадий Корешковтың айтуынша, қазір қалада радиациядан ластанған 8 нүкте бар. Экология кодексінің жаңа талаптары бойынша оларды залалсыздандыруға жергілікті билік өкілдері, яғни қалалық әкімдік жауапты.

Геннадий Корешков, Экологиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы:

- Егер қалалық әкімдік осындай ұсыныс жасаса, онда ол табиғат қорғау шараларына енгізіледі. Жаңа Экологиялық кодекске сәйкес атмосфералық ауаға зиянды заттардың эмиссиясы үшін барлық аударымдар енді аумақта қалады және тек қоршаған ортаны қорғау шараларына жұмсалуы керек.

Қазір ластаушы кәсіпорындар қаржыландырған 20 млрд теңгеден асқаны белгілі болды. Өкінішке қарай радиация ошақтарын жоюға ақша табылмапты.

Шын мәнінде экологтар мен құқық қорғаушылар: «радиациялық дақтар енді құпия емес, тіпті ең кішкентай радиациялық ошақтар төндіретін қауіпті дер кезінде жою қажет» деген пікірде. Алайда әкімдік сот талқылауы аяқталғанша қалыптасқан жағдайға қатысты пікір білдірмейді. Ал облысты ластаушы кәсіпорындар қаржыландыратын табиғат қорғау акцияларының бюджеті 20 млрд теңгеден асқаны белгілі болды. Алайда олар радиациялық ошақтарды залалсыздандыруға қаражат таба алмаған сияқты.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Вяеслав Ветлугин, Жігер Бабақанов