01:00Эфирде: ҚР Әнұраны
05:00Әрі қарай: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

Ақтөбеде Талғат Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған мерекелік шара өтті

  • Категория: Қоғам
Ақтөбеде Талғат Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған мерекелік шара өтті

Екі мәрте Кеңес Одағының батыры атанған даңқты ұшқыш Талғат Бигелдиновтың туғанына 100 жыл.

Қаһарманның есімі берілген Ақтөбедегі әуе қорғаныс күштерінің әскери институтында мерекелік шара өтті. Екінші дүниежүзілік соғыста фашист басқыншыларымен шайқаста елеулі үлес қосқан қайсар жауынгерге арналған музей ашылды.

Орталық Азиядағы ұшқыштар мен әуе көлігінің инженерін даярлайтын жалғыз оқу орнына Талғат Бигелдинов есімі тура отыз жыл бұрын берілген. Авиация геренал-майорының көзі тірісінде ескерткіші де орнатылды.  Талғат Жақыпбекұлының өмірі мен ерлігі болашақ қырандарға үлгі әрі өнеге. Курсанттар: «Даңқты ұшқыштың атына кір келтірмеуге тырысамыз», – дейді.

Жарылқасын Үсенбаев, Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының курсанты:

- Талғат Жақыпбекұлы Бигельдинов атамыздың өзі бізге, жұртымызға, елімізге, отанымызға үлкен үлесін қосты. Әуеде неше түрлі тапсырмаларды орындап, батыр атанды. Мен бұл оқуға түскен себебім –біз Т. Бигельдинов атамыздың жолын қуып, елімізді, отанымызды адал еңбекпен қорғау мақсатында оқуға түстім.

Салтанатты шараға әскери оқу орнының басшылығы, курсанттар, Қарулы күштердің ардагерлері қатысты. Отан қорғаушыларға кезекті әскери атағы табысталып, қызметте көзге түскендерге мерекелік медаль табыс етілді. Батырға арналған музей де ашылды. Мәдени ошақты жабдықтап, жәдігерлермен толтыруға оқу орнының түлектері атсалысқан. Ол жерде Бигелдиновтар отбасының жеке мұрағатынан алынған сирек кездесетін суреттер және Талғат Бигелдиновтың өмірі мен қызметі туралы деректер бар.

Алмаз Шапазилов, Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының түлегі:

- Бұл жердегі жәдігерлердің денін өзіміз жинақтадық. Батырдың көзін көрген ардагерлерді аралап, туған-туыстарынан алып, көшірмелері жасалды. Жас курсанттарға тәрбиелік мәні мол деп есептейміз.

Мерекелік шара қала тұрғындары мен қонақтарына арналған концертке ұласты. Кеште әскери институт пен Ақтөбе гарнизонының сарбаздары өнер көрсетті.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков

Сондай-ақ...