21:00Эфирде: Тұсаукесер! "Көзімді жұмсам да..."
23:00Әрі қарай: Телесериал. "Вторая жизнь Евы"
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

Жекеменшік балабақшаларды лицензиялау тәртібі қайта енгізіледі

  • Категория: Қоғам
Жекеменшік балабақшаларды лицензиялау тәртібі қайта енгізіледі

Еліміздегі 11 мың балабақшаға қойылар ортақ талап осы.

Оқу-ағарту министрлігінің бұл мәлімдемесімен келіспейтінін жеткізген кәсіпкерлер арнайы брифинг өткізіп, лицензиялау талаптары тым жоғары деп дабыл қақты.

Баламды балабақшаға «ұр» деп бермедім. Бұл сөз ата-ананың жанайқайына айналғалы қашан. Десе де балабақшадағы зомбылық тоқтар емес. Құзіретті министрлік жаңа жүйе мұның алдын алып қана қоймай, баланың сауаты мен сақтығын қамтамасыз ететінін алға тартуда. Кәсіпкерлер болса, бұны «қалтаны қағу» деп түсініп отыр.

Бану Әлкенова, «Зерде» жекеменшік балабақшасының меңгерушісі:

- Маман тапшылығы – бірінші қиындық, екіншіден категориядан өту қиындығы. Оның бәрін жекеменшік балабақшаларға үлкен барьер қылып қойып қойған. Лицензияны алу қиын. Олар тек қана құрылтайшыдан ақша суырудың жағын ғана ойлайды.

Алайда шенділер бұл пікірмен келіспейді. Өйткені лицензияны алу екінші тараптың қатысуынсыз, электронды түрде жүзеге асады. Бүгінде еліміз бойынша балабақшамен қамту көрсеткіші 99% құрайды. «Ендігі уақытта сапаға мән беру керек», – дейді олар.

Гүлзат Көбенова, Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы:

- Бұл жерде мазаланатын негіз жоқ. Лицензиялау біліктілік талаптары арқылы жүзеге асырылатын болады. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, балабақшада тиісті педагогтар болмаса, тәрбиешілер болмаса, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жағдай болмаса, қалай жұмыс жасайды?

Лицензиялау жұмысы кезең-кезеңімен жүреді. Ол ең алдымен жаңадан ашылған балабақшаларға қатысты. Екіншіден, мемлекеттік аттестациядан өтпесе де, балабақшалар лицензияланады. Статистикаға сүйенсек, мемлекеттік аттестициядан екі рет өтпей қалған балабақшалардың үлесі 1-2% құрап отыр. Үшінші кезеңде қызметі бойынша күмән тудыратын балабақшалар рұқсат құжатын алады.

Авторлары: Құралай Жұмахан, Аманжол Байғазин, Нұрлан Малгелдинов

Сондай-ақ...