Хабар телеарнасы

Елімізде жол құрылысына қатысты талап күшейеді

Себебі тарифтерді көтеруге енгізілген 180 күндік мораторий аяқталды. Бұл мораторий халыққа 3,2 млрд теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді. Бұл жайында Үкімет отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі хабарлады. Президенттің айтқан сынынан соң жиналған Үкімет мүшелері жүктелген тапсырмаларды қалай іске асыратынын айтты. Мысалы, Мемлекет басшысының жолдың сапасына қатысты сынына сай қабылданар бір шара енді өзінің техникасы жоқ мердігер компания мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайды. Сондай-ақ осы күзде заңға құрылысқа қатысушылардың бәрінің жауапкершілігін күшейтетін нормалар енгізіледі.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы АҚ «ҚазақАвтоЖол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен біріктіріледі. Қаулы жобасы Үкіметке биылғы тамыз айында енгізілетін болады. Сондай-ақ ол күзде заңға құрылыс процесіне қатысушылардың бәрінің жеке жауапкершілігін күшейтетін нормалар енгізілетінін атады. Жергілікті кәсіпкерлік пен нарықты дамыту мақсатында отандық мердігерлер үшін шартты жеңілдіктер мен преференцияларды қолдану бойынша қолданыстағы сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізіледі.