Хабар телеарнасы

Қостанай облысының су қоймалары жартылай бос тұр

Облыстағы ең ірі саналатын Қаратомар және Жоғарғы Тобыл су қоймаларының сыйымдылығы миллиард жарым текше метр, қазір қоймадағы судың қоры 400 миллион текше метрді құрайды. Мамыр айының басында  70 миллион текше метр су өзенге  жіберілді. Одан кейін келісімшартта көрсетілгендей Ресейдің Қорған облысына бөлінетін үлесі тағы бар.

Гүлшат Оспанбекова, «Қазсу шаруашылығы» РМК ҚФ бөлім басшысының міндетін атқарушы:

- Барлық коммуалдық шаруашылық құрылымдарын ескертіп, балама су көздеріне көшуге кеңес береміз. Біздегі су қоймалары әбден ескірген. Бірі 1964 жылы, екіншісі 1973 жылы салынған. Уақыт өткен сайын ондағы зиянды химиялық элементтер көлемі де арта түседі. Сондықтан ашық қоймалардан толық бас тартпағанмен, тұрғындардың денсаулығын ойласақ, тезірек жерасты суларын пайдалануға көшкеніміз абзал.