01:00Эфирде: ҚР Әнұраны
05:00Әрі қарай: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

Екі жыл ішінде қазақстандықтардың 34% күйзеліске шалдыққан

  • Категория: Қоғам
Екі жыл ішінде қазақстандықтардың 34% күйзеліске шалдыққан

Халықаралық фармацевтикалық компания зерттеу нәтижесінің қорытындысын ұсынды.

Олар жүргізген сауалнама бойынша қазақстандықтардың 61% ресми медицинаға сенім артқан. Ал 47% тек ғалымдарға арқа сүйеген. Халықаралық компания мамандары біздің елде терапевтердің, яғни жалпы тәжірибелік дәрігерлердің қызметке қызығушылығын арттыру керек деп санайды. Себебі халықтың жартысынан астамы олардың жұмысына қанағаттанбайды. 

Арминас Мацевичус, Халықаралық фармацевтикалық компанияның ТМД елдері  бойынша директоры:  

- 15 мемлекетте осындай сауалнама жүргіздік. Олардың дені – еуропалық елдер, биыл Қазақстан мен Румынияны қостық. Сауалнамаға 2 мың респондент қатысты. Қазақстандықтардың жартысынан көбі ресми медицинаға сенеді екен, бұл – жақсы көрсеткіш. Бірақ Қазақстан халқының тек 33% ғана фармацевттердің сөзін жөн санайды. Еуропада керісінше.

Сондай-ақ...