21:00Эфирде: Тұсаукесер! "Көзімді жұмсам да..."
23:00Әрі қарай: Телесериал. "Вторая жизнь Евы"
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

Қызылордалық кәсіпкерлер азық-түлік бағасын негізсіз көтерген

  • Категория: Қоғам
Қызылордалық кәсіпкерлер азық-түлік бағасын негізсіз көтерген

 

Қызылордада шағын дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік 15% үстеме бағамен сатылған.

Кәсіпкерлер күнбағыс майы, қант секілді 11 түрлі тауардың бағасын шарықтатып жіберген. Тұрғындардың арыз-шағымы негізінде жыл басынан бері 17 сауда нысанына жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Соның ішінде алты дүкеннің заң бұзғаны анықталып, айыппұл салынды. Қалған 11-не ескерту жасалған. «Аталған кәсіпкерлер бағаны тағы да негізсіз көтеретін болса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – дейді мамандар.

Фердоуси Қожабергенов, облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы:

- Азық-түлік бағасын белгілеудің делдалдық схемасын анықтау жөніндегі арнайы комиссия жұмыс жасайды. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша 5533 қатысушы анықталып, олардың әрқайсысы бойынша талдау, зерттеу, зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Тиісті заңбұзушылық анықталған жағдайда құқық қорғау және басқа да қадағалау органдарына жолданады.

Сондай-ақ...