Хабар телеарнасы

Қарағанды облысының Шет ауданында белгісіз індет салдарынан 76 бас ірі қара қырылды

Ауру симптомдары өзара ұқсас, «қара-сан» індетіне жақын. Ол 4 ай мен 4 жас аралығындағы Зеңгі баба төлінде кездеседі. «Десе де қажетті сараптамалар алынып, зертханаға жіберілген, бірер күнде нақты диагноз қойылып, тиісті шаралар қабылданады», – дейді мамандар. Сондай-ақ ауру дәлелденген жағдайда вакциналау жұмысын жүргізу мәселесі де қаралады. Бірақ облыста вакцина тапшылығы бар. «Қазір облыс тек 30% қамтылған», – дейді ветеринариялық дәрігерлер.

Ержан Бекетбаев, ҚР АШМ Ветеринарлық қадағалау комитеті облыстық инспекциясының жетекшісі:

- 4 жасқа дейінгі малдардың өлімі тіркеліп отыр, бүгінде олардың барлығы өртеліп, жағылды. Шет ауданы Ақшоқы елді мекенінің кіреберісіне санитарлық бекет қойылды. Адамдар мен техника кіріп-шыққан кезде дезинфекциялық іс-шаралар жүргізіледі.