Хабар телеарнасы

Қонаев қаласы ресми түрде Алматы облысының орталығы болды

Бірінші кезекте қандай мәселе қолға алынбақ?

Қарлығаш Қайыпбекова, тілші:

- Қазір шаһарда 45 мыңнан астам халық тұрып жатыр. Оған қоса, шаһарға Шеңгелді және Заречный деген ауылдық округ қарайды. Ол жақта 17 мың халық бар. Барлығын қосқанда 62 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Облыс орталығының болуына байланысты алдын ала болжам бойынша халық саны тағы 10 мыңға өседі деген жоспар бар. Қаланың алдына қойған мақсат-міндеттері көп. Бірнеше шағын аудан жаңадан бой көтереді. Соның екеуі жақын арада салына бастайды. Мемлекеттік бағдарлама бойынша көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталады.

Аида Нұрахметқызы, қала тұрғыны:

 - Қонаев қаласы облыс орталығы болғанына өте қуаныштымыз. Үйлер салынып, жұмыс орындары көптеп ашылса екен дейміз. Қаламыз өркендей берсін.

Кенехан Тәжібаев, қала тұрғыны:  

- Қала жастары үшін зор мүмкіндіктер пайда болады деген ойдамын. «Құрылыс» мамандығын оқытатын оқу ордаларын ашу керек.