Хабар телеарнасы

Павлодарлық өрендер жазғы демалысын қалай өткізеді?

Бұл – шәкірттердің 98% астамы. Осы күндері түрлі бағыттағы мектепалды және салалық лагерьлер жұмысын бастады. Облыс орталығының іргесіндегі бұл ғимараттарда бес жыл бұрын Балалар үйі болған. Бала саны азайғандықтан, мекеме лагерь ретінде жұмыс істей бастады. Қазіргі уақытта 100-ден астам ұл-қыз келіп, жазғы демалысын өткізіп жатыр.

Елизавета Малышева, оқушы:

- Осы лагерьге екінші рет келіп отырмын. Ата-анам қарсы емес. Бірнеше күннің ішінде балалармен достасып алдым. Түрлі байқауларға қатысып, ұйымшылдығымызды көрсетеміз.

Лагерьде балалардың көңілді әрі тиімді демалысы үшін бар жағдай жасалған. Биыл мекеме этнолингвистикалық бағыт бойынша жұмыс істемек. Кешенді жоспар әзірленген. Басты мақсат – оқушыларды өзге ұлт өкілдерінің мәдениеті, салт-дәстүрлерімен таныстыру.

Эльмира Уахитова, лагерь директоры:

- Балалардың демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Қ. Даржұманов атындағы ұлттық жаңғыру мектебімен бірлескен этнокэмп лагерін ашып жатырмыз. Оның мақсаты – басқа халықардың салт-дәстүрлерімен таныстыру, ұлттарға деген қызығушылығын ояту, мәдениетін дамыту және сөйлеу мотивтерін дамыту.

Пандемия кезінде лагерь жұмысы тұралап қалған. Мамандардың айтуынша, үзілістен соң жазғы лагерь демалысына деген сұраныс артқан.

Нұрәли Сайлаубаев, оқушы:

- Мен осы лагерьге бірінші рет келдім. Маған осы лагерьдегі балалар ұнайды. Бүкілі бір-бірімен дос. Бос уақытта біз түрлі-түрлі ойындар ойнаймыз. Мысалы, шахмат, шашки.

Лагерь жыл он екі бойы бала қабылдауға қауқарлы. Демалыс кезеңінде 22 ауысым жұмыс істеп, жүздеген бала тынығып қайтады. Жалпы облыс бойынша қала сыртында осы тектес 12 лагерь ашылған. Нәтижесінде алты мыңға жуқы жеткіншен сапалы демалыспен қамтылмақ.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков және Жеңіс Темірболат