Хабар телеарнасы

EL ARNA телеарнасы Юрий Померанцевті еске алу кешін ұсынады

Юрий Померанцев

Көрермен назарына 19:30-да «Линия судьбы» деректі фильмінің мұрағаттық шығарылымы, ал 20:00-де «Наш милый доктор» көркем фильмі ұсынылады.

Юрий Померанцев 300-ден астам рөлдерді сомдаған актер. Ол «Освобождение» эпосында генерал Власовтың рөлімен, сондай-ақ «Наш милый доктор» комедиясындағы ойынымен көрермендердің есінде мәңгілік сақталып қалды.

Өмірінің соңғы күніне дейін ол өнер саласында қызмет етіп, отандық мәдениет тарихында жарқын ізін қалдырды. Оның ашық, шынайы, шуақты күлкісі біздің жүрегімізде мәңгілікке ерекше орын алатын болады.