10:00Эфирде: Телесериал «Березка»
12:00Әрі қарай: Жаңалықтар
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген үшінші борт елге оралды

  • Категория: Қоғам
Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген үшінші борт елге оралды

Бүгін түнде Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген үшінші борт елге оралды.

Репатриациялық рейс Елордаға қонды. Бұл ұшақпен 131 жолаушы келді, оның 20-сы – бала.

Азаматтарымыздың бірі жұмыс бабымен, екіншілері турист ретінде барған екен. Бірақ әскери операциялар олардың жоспарын өзгертті. Бастысы, үйлеріне аман жетті

Укринадағы ахуалдың қиындығын оның куәсі болған кейіпкерлердің бір ауыз сөзінен-ақ аңғаруға болады. Қай-қайсысынан сұрасаңыз да төбемізден жай түскендей болды, оны еске алудың өзі қорқынышты дейді. Әсіресе Киевтің өзінде болғандар жарылыстардың дыбысынан тәуліктеп ұйықтай алмапты. Олар бізге сұқбат беруге келіскенімен, есімдерін атаудан бас тартты.

- Ақпанның 24-і таңертең адамдар абдырап қалды. Көпшілігі қаладан қашуға асықты. Бірақ әуежай бәрі жабық тұрды. Көшелерде кептеліс қалыптасты. Бомбадан паналайтын орынға барып едік, суық екен. Амалсыз өз пәтерімізге оралдық.

- Мен тіпті велосипедпен қауіпсіз жерге кетемін бе,- деп ойладым. Қала ішінде солай қозғалып та жүрдім. Күн суытып қар түскен соң, бұл жоспарым іске аспады. Кейіннен көлік табылды.

- Атыс пен жарылыстың дыбысы, бәрі өте қорқынышты. Осында жеткенше асықтым. Жалпы Укринаға әпкеме қонақққа барған болатынмын. Олар жергілікті тұрғын болғандықтан сонда қалды. Елшілік арқылы Қазақстанға аман-есен жеткеніме қуаныштымын.

Оларды Қазақстанға әкелуден бұрын қауіпсіз жерге жинау біраз машақатты іс болды. Алдымен отандастарымыз Польшаның Катовице қаласындағы әуежайға жеткізілді.

- 70 сағат жол жүрдік. Бастысы, бәрі артта қалды. Енді елге қайтамыз. Осының бәрін ұймымдастырып, көмек көрсетіп жатқан осындағы Қазақстан елшілігінің мамандарына көп рақмет.

Оларды Қазақстанға әкелумен жұмыс бітпейді. Ендігі кезекте жергілікті билік пен волонтёрлар көмек көрсетеді.   

Жәния Оспанова, волонтёр:

- Алдын ала олардың тізімін алып, кім қайда баратынын анықтадық. Кейбіреулер басқа қалаға кетеді. Ал кейбірінің қалада қонатын жері жоқ. Соларға жатын орын дайындаймыз. Туыстарын табуға көмектесеміз.

Негізі Укринадағы 600-ден астам қазақстандық туған жеріне қайтуға өтініш берген. Қазіргі таңда отандастарымыздың 426-сы елге жеткізілді. Олар үшін үш репатриациялық рейс ұйымдастырылды. Бұл жұмыстар әлі де жалғасады. Азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен амандығы бастысы назарда. Сондықтан ешқайсысы қиын жағдайда қалдырылмайды.

Авторы: Ердәулет Ыбырайұлы

Сондай-ақ...