Хабар телеарнасы

Отандық автокөлік алуға 4% несие қашан беріле бастайды?

Алайда тарифтің қаншалықты азаятыны жөнінде Премьер-министр ашып айтпады. Бұл жайтқа қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев та пікір білдірді. Оның айтуынша, қазір жұмыс тобы тариф мөлшерін қарастырып жатыр. Десе де шектен шығудан аулақ болу керек.

«Сонымен қатар авто өнеркәсіпті дамытуға жұмсалған ақшаны желге шашып, өз нарығымызды импорттық ескі көліктермен толтыра беруді тоқтату керек», - деді Президент.

«РОП» операторының активтері мемлекет меншігіне өткені белгілі. Жеке компания 6 жылда утилизациялық алым түрінде бас-аяғы 692 млрд теңге жиыпты. Бүгінде экология мен салыққа жұмсалған қаржыдан 220,6 млрд теңге қалды. Оның 100 миллиарды жеңілдетілген автонесие бағдарламасына бөлінбек. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, биыл бағдарлама шарты өзгерді.

Енді автомобиль құнына емес, несие көлеміне ғана шек қойылады. Бұрынғыдай 15 емес, 10 миллион теңгеге дейін беріледі. Есесіне, қалған сомманы қосып, қалаған отандық автомобильді алуға болады. Несие мерзімі бұрынғыдай 7 жыл болса, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 4% болып бекітілді. Басты өзгеріс алғашқы жарнасы болмауы мүмкін. Сондай-ақ қосымша бағдарламалар енгізу қарастырылып отыр. Көпбалалы отбасыларға, әскерилерге, дәрігерлер мен мұғалімдерге жеңілдікпен автонесие беру көзделген. «Алғашқы отбасылық

Тоқтар Терлікбаев 2020 жылы бұл бағдарламаға өтініш беріп, ілікпей қалыпты. Онысы түсінікті-ақ. Ол жылдары қаржыландыру небәрі 20 миллиард теңге болған. Бұл сомманың жартысы ғана жеңіл көліктерге беріліпті. Бүгінде Тоқтар – темір тұлпар иесі. «Бірақ тиімді бағдарламны күткенім құп болар еді», - дейді ол.

Тоқтар Терлікбаев, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Екі ай бұрын ең төмен деген 19,5%-пен 20% алғашқы жарнасын құйып көлік алдым. Былтыр жеңілдетілген несие қайта жандандырылады деп естідік. Әрине, іске асып жатса біраз қазақстандыққа жеңіл болады деген ойдамын.

Тоқтар сынды автонесие алған азаматтар жетерлік. Тек 2021 жылдың мәліметі бойынша, қазақстандықтар темір тұлпар алуға  1,1 трлн теңге рәмідеген. Дегенмен Автонарықты сараптау және мониторинг жүргізу орталығының дерегіне сүйенсек, көліктердің 50% зауыттан шыққанына 20 жылдан асыпты. Утилизациялық алым пайда болғалы жаңа көлік алуға жұрттың қалтасы көтермей қалғаны айқын. Ал енді бұл бағдарлама отандық өндірушілердің әлеуетін арттырып қана қоймай, автопаркімізді жаңартуға мүмкіндік береді.

Руслан Хисамутдинов, ҚH ИИДМ автоқұрастыру, арнайы, ауылшаруашылық машинажасау басқармасы басшысы:

- Отандық автопром бағдарламасы аясында барлығын 100% көлікпен қамтамасыз ете алатынына сенімдіміз. Жеңілдетілген автонесие көлік бағасының өсуіне әкелмейді деп есептейміз. Қазір жаңа көлік тапшы. Бұл пандемия кезінде біраз кәсіпорынның автобөлшектердің орнына медициналық жабдықтарды өндірумен  байланысты.

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы 2015 жылы іске қосылған. Қаржыландырудың жалпы лимиті – 82 млрд теңге. Қазір револьерлік қайтарым принципі бойынша жұмыс істеп тұр. Оның арқасында 80 мыңнан аса отандасымыз темір тұлпар тізгіндеді. Жалғасын тапқан науқанға қазірден 15 мыңнан астам өтініш келіп түсті.

Авторы: Дана Әлиева