Хабар телеарнасы

Қазақстандықтар тапқан табысының жартысына жуығын тамаққа жұмсайды екен

Бұл ретте Азық-түлік өнімдеріне шығындар 52,8% немесе 109 мың 10 теңге. Яғни, қазақстандықтар барлық жұмсалатын қаражаттың жартысына жуығын тамаққа жұмсайды екен. «Бұл әлеуметтік шиеленіс пен кедейлік факторларының бірі», ­– дейді экономистер. Дамыған елдерде азық-түлікке жұмсалатын шығындар жалпы шығындардың 10% тең екен. Республика халқының орташа еңбекақысы 200 мың теңгеден асады деп ресми түрде  айтқанымызбен, шын мәнінде олай емес. Бала-шағалы отбасыларға тіптен қиын. Олар бәрін үнемдегеннің өзінде тапқан таянғандары келесі айға әзер жетеді. «Сондықтан, жүйелі өзгеріс қажет», ­– деп отыр сала мамандары.  

Расул Рысмамбетов, қаржыгер:

- Ең төменгі күнкөріс деңгейі мен  азық-түлік себетін қайта қарап, жаңадан есептеуіміз қажет. Содан кейін үкімет ең төменгі жалақының да көлемін қайта қарауы тиіс. Оған қоса, экономиканың тиімділігін арттыруға баса назар аударған жөн. Бизнес иелерін қолдасақ ұтылмаймыз. Бағаны тұрақтандыру үшін өндіріс орындарының өнімділігін арттыру керек болады. Сондай-ақ ауылшаруашық саласын дамытудың басымды бағыттарын қайта қарауымыз тиіс деп санаймын.