Хабар телеарнасы

Тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың кредит бойынша қарызы кешіріледі

Тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың кредит бойынша қарызы кешіріледі

Қазір Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі марқұм болғандардың тізімін алып, бұл бағытта жұмыстар жүргізіп жатыр. Жеке мүлкін сақтандырып, өтем ала алмай жүргендерге де Агенттік көмек беруге әзір екенін жеткізді. Несиеге алынып, бүлік кезінде өртеніп кеткен көліктерді де сақтандыру компаниясы арқылы өтеуге агенттік өкілдері жәрдем береміз деді.

Александр Терентьев, ҚР ҚНРДА департамент директоры:

 - Негізі несиеге алынған көліктің барлығы сақтандырылған. Сондықтан әрбір келісімді қарап, қандай жағдай ескерілгенін тексеруіміз керек. Біздің агенттік сақтандыру компанияларымен бірлесіп, тосын жағдайға ұшыраған көліктерге өтемақы төлеу мәселесін жіті қараймыз.