Хабар телеарнасы

Алматыда кәсіпкерлер шығыны InfoKazakhstan порталы арқылы өтеледі

Алматыда кәсіпкерлер шығыны InfoKazakhstan порталы арқылы өтеледі

Ол үшін кәсіпкерлер infoKazakhstan.kz порталына кіріп, қираған дүние-мүліктерінің фото, бейнесі мен құжаттарын тіркеуі керек. Арыз электронды цифрлы қолтаңба арқылы қабылданады. Кәсіпкерлердің шығыны туралы өтініш шамамен 5 жұмыс күн ішінде қаралады. Содан кейін берілетін өтемақы мемлекеттік бюджеттен кәсіпкердің жеке есепшотына аударылады. Алдын ала болжам бойынша қаладағы бұзақылық кезінде 1 600-ден аса шағын және орта кәсіпке 95 миллиард теңгеден астам залал келген. Ал шығынын растайтын құжаттары жоқ кәсіпкерлер үшін өтемақы жасау мәселесі нақтыланып жатыр.

Айтуар Қошмамбетов, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры:

 – Аймақтық комиссия үш категория бойынша залалды қарастыратын болады, ол жылжымайтын мүлік, жылжитын мүлік және үшінші категория ұрланған тауар және бүлінген тауар бойынша. InfoKazakhstan порталы әлі де жұмысын бастамады. Өйткені біз Үкімет тарапынан арнайы құжаттың қол қойылып, бізге түскенін күтіп отырмыз.