Хабар телеарнасы

Алматыда бүлік кезінде қанша көлік өртенді?

Оның 47-сі өртеніп кеткен. Атыс кезінде оқ тиіп, тоналып иесіз қалған  машиналар да осында жеткізіліп жатыр. Арасында қызметтік көліктер де бар. Жедел жәрдем, инкассаторлар мен әскери машиналарда тұр. Мәселен, бүлікшілер өрт сөндіретін 5 автокөлікті түгелдей өртеп жіберген. 13-ін жарамсыз еткен. Ондағы бір құтқарушыға оқ тиіп, жарақат алған.  Сондай-ақ 40-тан астам полиция көлігіне зақым келген. Олардың бәрі бүлік кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шыққан. Қақтығыс кезінде бұзақы топ өрт сөндірушілер мен полицейлердің көлігін күшпен тоқтатып, басып алған. Қасақана өрт қойған. Қазіргі осы фактілер бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бейсеғали Жүнісов, қалалық Құтқару қызметінің директоры: 

- Прокуратура айналысып жатыр. Іздерінің бәрін алды. Әзірге автотұрақта тұрады. Анық-қанығына жеткенше, сол жақта болады. Төле бидің бойынан алдық. Өздеріңіз білесіздер, банкке кіріп кеткені де бар. Машинаны ұрлап кеткен. Көбісі дерлігі Төле би мен Назарбаев, Сәтпаев, Желтоқсан, Райымбек көшелерінен, Республика алаңынан 32 машина шықты.