Хабар телеарнасы

Қазақстанда 4 вакцина қолжетімді

Олар: QazVac, «Спутник V», Vero Cell және Pfizer екпелері. 9 өңірде вакцинаның осы 4 түрі жеткілікті. Ал Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облысында вакцинаның екі түрі ғана бар. Осыған орай, Қазақстан қосымша 6 жарым млн доза препарат сатып алмақ. Қазір халықты ревакциналау науқаны да қарқын алды. 20 қаңтардан бастап «Спутник Лайт» вакцинасы тасымалданады.