Хабар телеарнасы

Қызылордада антитеррорлық операциялар әлі де жалғасып жатыр

184 тұрғын әкімшілік жауапқа тартылып, 72 азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды. Облыс бойынша 28 блокбекет жұмыс істеп тұр. Өткен бір тәулік ішінде төтенше жағдай режимін бұзған 100 адам ұсталды. Бүгінге дейін 204 адам медициналық мекемелерге жүгініп, соның 48-і ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 5 полиция және 1 әскери қызметші бар. Соңғысы облыстық әкімдікті қорғау барысында басынан жарақат алған.

Еламан Таужан, әскери бөлім сарбазы:

- Сырттағы адамдар бізден 5 есе көп болып келді. Командир «қайтыңдар» деп пәрмен берді. Камазды өртеген сәтте есімнен айырылдым. Бізге күш қолдануға, адамдарды қару-жарақпен тоқтатуға рұқсат берілмеді.