Хабар телеарнасы

Оралдағы білім беру ұйымдарының мамандары саладан оң өзгерістер күтеді

Қазір сандық жүйе жетіліп, оқу бағдарламалары қайта пысықталғанымен, әлі де дамытуды талап ететін тұстар баршылық. Президент жүктеген тапсырмалар, соның ішінде өңірлерге үздік педагогтерді тарту, техникалық білімді жандандару, оқу гранттарының мөлшерін арттыру және шетелдік беделді университеттердің филиалын ашу бастамалары жаңа жетістікке жетелемек.

Залой Рысов, тарих пәнінің мұғалімі:

- Қазіргі кезде балаларымыздың еңбекке деген көзқарасын дамыту үшін дуалды оқыту өте қолайлы болмақ. Бұл ел экономикасын көтерумен қатар, халықты жұмыспен қамтуды көздейді. Елдің батысындағы негізгі мұнай-энергетика саласы – біздің қаржымыз. Сол үшін бұл сала дамуды қажет етеді.