Хабар телеарнасы

Отандық бизнесті дамыту керек

Сондықтан оны ықшамдап, бір жүйеге келтіріп, нәтиже шығару керек», – дейді Қарағанды облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы директоры. Серік Санаубаевтың айтуынша, Президенттің шағын кәсіптің дамуына тұсау болып отырған әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі бастамасы өте орынды. Әуелі қазынадан бөлінетін қыруар қаржының тек ірі қалаларға ғана емес, шалғай ауылдарға да жетуін қадағалау қажет, әрі оның мақсатты игерілуіне бақылауды күшейткен жөн.

Серік Санаубаев, Қарағанды облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы директоры:

- Мемлекеттік бағдарламаларды реттеу керек. Олар көп болғанмен, нәтижесі жоқ. Барлығын жиынтықтап, жаңа мемлекеттік бағдарлама жасау керек. Шалғайдағы кәсіпкерден бастап, ірі кәсіпорындарға дейін, сондай-ақ халық мемлекеттен шығып жатқан қаржының нәтижесін көруі керек.