Хабар телеарнасы

Атыруда жедел іздестіру шарасы нәтижесінде 275 күдікті тұтқындалды

Сондай-ақ Мақат стансасында ереуілшілер теміржолды жауып, Алматы-Атырау, Ақтөбе-Атырау және Маңғыстау-Атырау жолаушы пойыздарының қатынауына кедергі келтірді. Қазір облыста жағдай толық бақылауда. Барлық әлеуметтік нысандар қалыпты жұмыс істеп жатыр. Дегенмен облыста төтенше жағдай талабы қатаң сақталған. Тәртіп сақшылары облыс орталығына кіретін негізгі төрт жолдың торабына бақылау бекеттерін орнатты. Сондай-ақ қала ішінде беймезгіл жүргендер қатаң тексеріліп жатыр. Өткен тәулікте бақылау бекеттерінің бірінде тоқтатылған автокөліктен 10 аңшы пышағы мен 10 әскери киім табылып, тәркіленді.

Мейірім Ердәулетова, облыстық ПД ресми өкілі:

- Қазіргі таңда анықтау-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ қала аумағында 4 азамат ұсталды. Оларды тексеру кезінде 736 таблетка түріндегі, 236 ампула түріндегі әсері жоғары психотропты дәрілер тәркіленді. Сондай-ақ екі тапанша тәркіленді.