Хабар телеарнасы

Шымкентте антитеррорлық операция кезінде бір топ қару асынғандар қолға түсті

Сондай-ақ жедел іс-шараның кезінде «лаңкестік әрекетке қатысы бар» деген күдікпен жалдамалы пәтерде тұрып жатқан 1995 жылы туған Алматы облысының тұрғыны мен 1991 жылғы Түркістан облысының тұрғыны тексерілді. Тінту кезінде пәтерден 42 ұялы телефон мен 4 ноутбук табылды. Қазір қылмыстық іс ашылып, тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. 

Ералы Жұмаханбетов, қала коменданты:

- Күдіктілерден 6 патроны бар 16-мм калибрлі тұмсығы кесілген қару, 5 жауынгерлік патроны бар 9-мм жауынгерлік калибрге қайта жасалған 1 травматикалық тапанша, 7,62-мм калибрлі 67 жауынгерлік патрон және 5,45-мм калибрлі 3 жауынгерлік патрон тәркіленді. Барлық қозғалған қылмыстық істер бойынша жаппай тәртіпсіздіктердің 52 қатысушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды.